430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда жоғалып кеткен жасөспірім табылды

  • 51
  • UPD: 15:52, 05.04.2021
Қарағандыда жоғалып кеткен жасөспірім табылды

Қарағанды полициясы жоғалып кеткен жасөспірімді тәулік бойы іздеп тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

2 сәуірде сағат 03:30-да Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне 14 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны үйінен кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түсті. Баланың бұрын үйден кетіп қалатын әдеті болған.

Санаулы минутта оқиға орнына Қарағанды қаласының барлық полиция қызметкері жетіп, іздеу жұмыстарына кірісті. Таңертең іздеу аймағы кеңейтіліп, іздеу топтары көбейтілді. Бүкіл Қарағанды қаласы полициясының гарнизоны қала мен жақын ауылдарға жіберілді.

Баланың жоғалғаны туралы хабарламалар барлық әлеуметтік желілерде пайда болды. Бей-жай қарамағандардың барлығы жасөспірімді іздеуге қосылды. Еріктілер, қарапайым тұрғындардан құрылған топтар қосылды.

3 сәуір күні сағат 20:30-да Оңтүстік-шығыс үйлерінің бірінде, тоғызыншы қабаттағы кіре берісте Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полициясының қызметкерлері баланы тауып алды. Ата-анасымен және жасөспіріммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Хабар 24 телеарнасы