Шымкентте дәрі-дәрмек қорын жасақтауға 659 млн теңге бөлінеді

Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз күйінде қалып отыр. Соңғы тәуліктің өзінде 48 адамнан коронавирус анықталған. Осыған байланысты өткен жылғы қателікті қайталамас үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов дәрі-дәрмекпен қамтуды қатаң бақылауға алатынын жеткізді.

Қауіпті індетпен күреске биыл 659 млн теңге бөлінбек. Өткен жылы бұл сома 180 млн теңгені құраған еді. Бұл шаралар арқылы дәріханадағы препараттар бағасын 15-30 процентке дейін төмендету көзделіп отыр. Қазір шаһардағы дәріханалар мен емханаларда 4 млн 144 мың дана дәрі-дәрмек бар. Мұның ішінде вирусқа қарсы қолданылатын дәрілердің бағалары 25 теңгеден басталатын көрінеді. Сонымен қатар 2 миллион медициналық бетперде және бір миллион қолғап дайындалыпты.