Бірнеше облыстағы өзендерде су деңгейі жоғарылауы мүмкін

6-8 сәуір аралығында оң мәнді ауа температурасының сақталуына, әрі қарай жоғарылауына және жауын-шашынға байланысты Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының территориясында қарқынды қар еруі және еріген қар суының ағыны пайда болуы, өзендерде су деңгейлерінің жоғарылауы күтіледі.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.