430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда бизнес иелері карантин шектеуін жеңілдетуді сұрап отыр

  • 64
  • UPD: 19:33, 05.04.2021
Оралда бизнес иелері карантин шектеуін жеңілдетуді сұрап отыр

Оралда кәсіпкерлер карантиндік шектеу шараларын жеңілдетуді талап етті. Олар «сенбі күні сауда үйлерінің жұмысын тоқтату жөнсіз» деп санайды.

Қазір Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралу қаупі жағынан «қызыл аймақта» тұр.

Жергілікті бас санитар дәрігер қаулысына сәйкес, сауда-саттық ғимараттары демалыс күндері жабылады. Бірақ кәсіпкерлер дәл осы күні ғана кіріс көлемі ұлғайып, несие мен өзге шығындарды жабуға мүмкіндік болатынын айтады.

Нұрлан Қабдығалиев, кәсіпкер:

- Біздерде площадь мүмкіндік береді. Көлемі үлкендігі жағынан кісілерге орын кең. Ондай көп кісі қазір жоқ та. Сондықтан сенбі күні ашуды сұраймыз.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Ол мәселе жалғыз менде тұрған жоқ қой. Ол мәселені отырыста, комиссия болады, соған мен ұсынуым керек. Сол мәселені көтерейік, егер сол мәселенің бәрі шешілетін болса, біздер мына Қаулыға сәйкес өзгеріс жасап, сенбі күні сағат 10-нан кешкі 5-ке дейін (рұқсат) берейік.

Хабар 24 телеарнасы