СҚО-да жетпіс тоғыз ауылды су басуы мүмкін

Солтүстік қазақстандық құтқарушылар су басу қаупі басым аудандарға аттанды.

Қазір шалғайдағы Ғабит Мүсірепов, Айыртау және Уәлиханов аудандарындағы жағдай мәз емес. Мамандар күн сайын Есіл өзенінің деңгейін бақылап, су сору жұмыстарын жүргізеді. Көктемгі тасқынға арнайы техникалардың әзірлігі тексерілді. Бұл шараларға Ұлттық Ұланның сарбаздары да жұмылдырылады. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда 79 ауылды су басуы мүмкін.

Мұрат Қанғожинов, СҚО ТЖД басшысының орынбасары:

- Ауа температурасы плюске шықты. Яғни қар күні – түні ериді. Кіші өзендер Есілге құяды. Құтқару шараларына 7 топ құрылды. Олар осы қауіпті аудандарға барады.