«Қазақстанның лайықты азаматы» жарысының жеңімпаздары пәтер ұтты

ВІ GROUP компаниясы ұйымдастырған «Қазақстанның лайықты азаматы» жарысының жеңімпаздары анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша екі адамға баспана берілді. Финалға шыққан қатысушылар да бағалы жүлдеге ие болды. Жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен холдингтің 25 жылдығына арналған.

Армандар орындалады. «Қазақстанның лайықты азаматы» жарысында жеңіске жеткендердің бірі Торғын Жолдасбекқызы. Конкурс арқасында ол ВІ GROUP компаниясы салған көп кешендердің бірінен баспана ұтып алды. 

Торғын Әбдіқайымова, жазушы-мотиватор, «Қазақстанның лайықты азаматы» жарысының жеңімпазы:

- Өте қуаныштымын, армандар орындалады екен. Өмірде ғажайып бар екен. Соның бәріне себепші болған ВІ GROUP компаниясына, басшылығына алғыс айтамыз. ВІ GROUP салған әр үйде қуаныш болсын. 

Жарыстың тағы бір жеңімпазы Асхат Нұрмашев. Оған елордадағы «Sezim Qala» тұрғын үй кешенінен пәтер беріледі. Сайысқа барлығы 2,5 мың үміткер қатысқан. Жеңімпаздарды анықтау үшін 60 мың адам дауыс берген. Бас жүлде баспана болды. Ал көпшіліктің қалауымен финалға шыққандарға Түркістан қаласына екі адамға арналған жолдама берілді. 

Марат Еділханов, маңғыстау облыстық инфекциялық аурухананың реаниматолог-анестезиолог дәрігері, финалист:

- Мына конкурсты ұйымдастырғаныңыз. Бізде алға қарай ұмтылыс пайда болды. Мотивация болды. Халыққа қызмет етуден ешқашан тайынбаймыз. Әрдайым дайынбыз. Алғысымыз шексіз. ВІ GROUP компаниясы жасай берсін. Басқа осындай ірі-ірі компаниялар қолдасын осылардың эстафетасын. 

Айдос Мұқатаев, «BI Development Almaty» компаниясының директоры:

- Жобаның мақсаты тек пәтер беру ғана емес. Мақсат еліне еңбек сіңірген адамдарға алғыс айту. Сіздің істеріңіз бәрімізге үлгі. Сіздердің өмірлік жолдарыңыз өзге отандатарымызды шабыттандырады деген үміттемін. 

Аталмыш конкурс Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына және холдингтің 25 жылдығына орай ұйымдастарылған.

Автор: Ғазиза Мұхамеджанова

Сондай-ақ...