Министрлік Зайсан ауданын газдандырудың екі жолын атады

Шығыс Қазақстандағы шекаралық аудандарды газдандырудың екі жолы бар. Бұл туралы Энергетика министрлігінің өкілі Дәурен Әбілқайыров айтты.

Қазір Сарыбұлақ кен орнында көгілдір отынның қалдық қоры 532 млн текше метр.

Әбілқайыровтың айтуынша, өңірді газбен қамту ресурстық базаны анықтағаннан кейін мүмкін болады. Бүгінде министрлік Шығыс Қазақстан облысын газдандыру мақсатында екі нұсқаны пысықтап жатқан көрінеді. 

Дәурен Әбілқайыров, ҚР Энергетика министрлігі газ және Мұнай-газ-химия департаменті директорының орынбасары:

- 1-нұсқа Павлодар қаласында тармақталумен Барнауыл, Семей - Өскемен бағыты бойынша Ресей Федерациясынан магистралдық газ құбырын салу. 2-нұсқа Сарыарқа магистралдық газ құбырынан Теміртау, Павлодар, Семей-Өскемен бағыты бойынша бұрып, апаратын газ құбырын салу.