429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да мұз қабатының еруі бірқалыпты жүруде

  • 72
  • UPD: 22:21, 05.04.2021
ШҚО-да мұз қабатының еруі бірқалыпты жүруде

Шығыс Қазақстандағы Күршім, Қатонқарағай, Бесқарағай, Зайсан, Бородулиха және Алтай аудандарында жер тоңы 1 метрге дейін жетеді.

Соңғы көрсеткіштер бойынша қар жамылғысының 55 проценті еріп кетті. Өңірдегі тасқын қаупі бар учаскелерді әуеден барлап шыққан сала мамандары осылай деп мәлімдеді. Бұл жолы Өскемен-Глубокое, Алтай-Қатонқарағай-Өскемен бағытын тікұшақпен аралап көрді. Қазір жазық даладағы қар қалыңдығы 50 см аспайды дейді мамандар. Тек Алтай ауданының кейбір жерінде бұл көрсеткіш 75 см көрсетеді. Өзендегі су деңгейі де шекті шамадан төмен. Мұз қабатының еруі де әзір қалыпты көрінеді. Дегенмен, облыс орталығы мен бірнеше өңірде әлі де қар жаууы ықтимал.

Медет Еркінбеков, ШҚО Қазгидромет РМК филиалының директоры:

- Бүгінгі таңда ШҚО бойынша гидрологиялық жағдай тұрақты өзендерде мұздың еру құбылысы байқалады. Қазгидромет РМК осы мына су  тасқыны кезеңінде әр жетілік гидрологиялық болжам жасап отырады және ол болжамды жергілікті атқарушы билік органдары мен ТЖД хабарын жеткізіп отырамыз.

Хабар 24 телеарнасы