loader


Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы әскери госпитальдар COVID-19 стационары ретінде жабдықталды

Қорғаныс министрлігінің аппарат кеңесінде өткен апта қорытындыланып, таяу кезеңге міндеттер жүктелді.

Бас қолбасшылар мен қолбасшылар өткізіліп жатқан жауынгерлік даярлық іс-шаралар, «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерін тексеру барысы, Құрлық әскерлері оқу-жаттығу орталығының кіші мамандарын дайындау мен олардың әскери бөлімдерге бөлу туралы баяндады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің сұрауына сәйкес, өткен жылдағыдай инфекциялық стационар ретінде елордадағы Бас әскери клиникалық госпиталь мен Алматыдағы әскери-клиникалық госпиталь жабдықталды. Онда жалпы 300 төсек орналастырылған.

Бас әскери-медициналық басқарма бастығының айтуынша, мекемелер алғашқы пациенттерді қабылдай бастады. 

Барлық әскери госпитальдар мен ауруханалардың COVID-19-ға қарсы іс-шараларда қорғаныс ведомствосының басшысы, халықтың денсаулығын сақтауға көмектесу үшін дайындық жүргізуді тапсырды. 

Өткен жылдың тәжірибесін ескере отырып, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар нысандарды дезинфекциялау үшін РХБЗ әскерлерінің бөлімшелері мен әскери техникасын жұмылдыру мүмкіндігіне назар аударылды.