424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Жасыл ел» бағдарламасы аясында елімізде 44 млн түп ағаш егілген

  • 337
  • UPD: 23:33, 05.04.2021

«Жасыл елге» биыл 16 жыл. 2005 жылы Елбасының бастамасымен құрылған ұйымның арқасында 300 мыңнан аса жас жұмыспен қамтылды.

Елде 44 миллионнан астам ағаш егілді. Жастар 180 мың гектар жерді көгалдандыруға үлес қосты. Бұл жайында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің бірінші отырысында республикалық штабтың жетекшісі Азамат Данияр айтты. Енді жұмыс істейтін жастардың санын 30 мыңға дейін ұлғайту жоспарда бар.

Жиынға қатысқан Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева «Жасыл ел» тиісті қауымдастықтармен бірлесіп, игі акциялардың амбассадоры боларына сенемін» деді. 

Әлия Назарбаева Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы президиумының төрайымы:

- Бүгінде мемлекеттің орман қоры 30 миллион гектарды құрайды. Бұл дегеніміз жеріміздің 11 проценті. Бұған талай жастың басын біріктірген «Жасыл ел» бағдарламасының қосқан үлесі де орасан. Мемлекет басшысы айтқандай, алдағы бес жылда орман қорында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион түп ағаш егіледі. «Жасыл елдіктер» тиісті қауымдастықтармен бірлесіп, осындай акциялардың амбассадоры болады деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы