Ақтау әуежайында иесіз сөмке табылып, жолаушылар эвакуацияланды

Ақтау халықаралық әуежайы қоршауға алынды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бүгін таңертең әлеуметтік желіде Ақтау халықаралық әуежайынан жолаушылардың эвакуацияланып жатқаны туралы видео тарады. Куәгерлер әуежай аумағында күдікті зат табылғанын айтқан.

Бұл оқиғаға Ақтау халықаралық әуежайы бас директорының орынбасары Меруерт Жолдыбаева түсінік берді.

«Әуежай ішінде иесі белгісіз чемодан жолаушылардың күдігін туғызған. Бұл туралы бірден құқық қорғау органдарына хабар берілді. Жолаушыларды эвакуациялау жүргізілді. Багаж ішінен қауіпті зат табылған жоқ. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр», - деді ол.