Түркістан облысында 200-ге жуық адам қатысқан көкпар ойындары тоқтатылды

Түркістан облысының полицейлері бірнеше көкпар ойынын тоқтатты, деп хабарлады Polisia.kz.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының негізінде бірқатар шектеу шарасы қойылған. Осы бағытта Ордабасы АПБ-ның полицейлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау үшін құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.

Осындай кезекті рейдтік шара барысында күндізгі 15:30 шамасында Сарыағаш ауданы ауылдарының бірінде көкпар ойыны өтіп жатқаны анықталған. Ұйымдастырылған көкпар ойыны тоқтатылып, 200-ден астам адам таратылды.

Сондай-ақ Отырар ауданында жасырын түрде көкпар ойыны ұйымдастырылған. Аталған жиынға 150-ден астам адам жиналған, тәртіп сақшылары көкпарды тоқтатты.

Осыған орай карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұрғындарға қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін ҚР ҚК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жинақталған құжаттар аудандық СЭББ-на жолданды.

Сондай-ақ...