429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баланың үстіне футбол қақпасының құлауы: қылмыстық іс қозғалды

  • 52
  • UPD: 12:56, 06.04.2021
Баланың үстіне футбол қақпасының құлауы: қылмыстық іс қозғалды

Алматыда бала үстіне құлаған қақпа оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы полициясы футбол алаңында баланың үстіне құлаған қақпа фактісіне қатысты ҚРҚК 306-бабы бойынша іс тіркелгенін хабарлады.

Тергеуді Алматы қалалық Полиция департаменті жүргізеді.

ҚР ҚК 306-баптың санкциясы 160 АЕК-ке дейін айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарын немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға жегу немесе ұстау түрінде 40 тәулікке қамауға алуды көздейді. Одан бөлек үш жылға дейінгі мерзімге немесе белгілі бір лауазымдарды атқаруына тыйым салынады.

Оқыс оқиға 4 сәуір күні кешке 8-ші ықшам аудандағы №79 үйдің ауласындағы балалар алаңында болды.

Алматы қалалық коммуналдық шаруашылық басқармасы аталған аула аумағында 2020 жылы келісімшартқа сәйкес «EC-EnergyQazaqstan» ЖШС мердігері күрделі жөндеу жүргізгендігін айтты.

Хабар 24 телеарнасы