Е.Тоғжанов: «Қызыл аймақтар» маңындағы өңірлерде карантинді күшейту керек

Тағы бір өңір «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы Ақмола облысындағы эпидемиялық ахуал нашарлай түсті. Осылайша, елімізде қазір «қызыл аймақта» тұрған өңірлер саны 7-ге жетті. Осыған байланысты Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қауіпті аймаққа көршілес облыстардағы карантинді күшейту керек деп отыр. Бизнес нысандары тек «Ашық» қосымшасы арқылы ғана келушілерге қызмет көрсету тиіс. «Сол арқылы талапты да күшейтіп, бизнеске де салмақ түсірмеуге болады», - дейді вице-премьер.