430,73 519.25 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ел өңірлерінде вакциналау науқанының барысы қандай?

  • 122
  • UPD: 13:28, 06.04.2021
Ел өңірлерінде вакциналау науқанының барысы қандай?

Елде үш айдан бері коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны жүріп жатыр.

Ең бірінші болып қауіптің алғы шебіндегі медицина саласының мамандары егілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одан соң мұғалімдер, полицейлер мен балабақша қызметкерлері, созылмалы ауруы бар адамдар екпе алды. Ал 2 сәуірден еліміздің қалған азаматтарына вакцина салу басталды. Осы күнге дейін бас-аяғы 194 мың 706 адам «Спутник V-дің» алғашқы дозасын салдырып үлгерген. Олардың ішінде Алматы қаласының тұрғындары аса белсенді. Мұнда екпе алғандардың саны 44 мыңға жуықтады. Елорда мен Түркістан өңірінің жұрты да белсенділік танытып отыр. Бұл екі аймақтың әрқайсысында 17 мыңға жуық адам екпе алды.

Хабар 24 телеарнасы