СҚО-да 400-ден астам азамат ерікті түрде вакцина салдырды

Солтүстік Қазақстан облысында 400-ден астам азамат ерікті түрде вакцина салдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірдегі барлық емханада екпе алғысы келетіндерді жаппай қабылдау басталды. Яғни бұл азаматтар медициналық ұйымға келіп, бар болғаны арнайы тексерістен өтсе жеткілікті. Денсаулығында еш кінәраты болмаса, вакцина алуға рұқсат беріледі. Жауаптылардың мәліметі бойынша екпе салдырғандардың басым бөлігі зейнеткерлер. Жалпы өңірде бірінші ақпаннан бастап жеті мыңға жуық адам вакцинаның алғашқы компонентін алған.

Лидия Соколова, №1 қалалық емхананың жалпы тәжірбиедегі дәрігері:

- Медицина, полиция қызметкерлері және мұғалімдермен бірге зейнеткерлер де вакцина алып жатыр. Созылмалы ауруға шалдыққан азаматтар да жоқ емес. Аяғы ауыр әйелдермен жасы 18-ге толмағандарға рұқсат етілмейді. Жалпы екпе алғысы келетіндер болса, тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаларға хабарласса болады. Жауаптылар бағыт-бағдар береді.