Қазақстанда 2025 жылға дейін 10 мың шақырым жол жөнделеді

2025 жылға дейін 10 мың шақырым автожол жөнделеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл жалпы ұзындығы 600 шақырымнан асатын 4 жолдың құрылысы басталады. Бұл – «Қызылорда – Жезқазған» тас жолы, Түркістандағы шығыс айналма жолы, Шымкент қаласындағы оңтүстік-батыс айналма жолы мен Сарыағаш қаласының айналма жолы. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Министрдің сөзінше, Батыс Қазақстан, Атырау мен Ақтөбе облыстарындағы жолдардың сапасы өте төмен. Биыл жергілікті жолдар желісін дамытуға 119 млрд теңге қаралған. Осы ақшаға 1300 шақырым жол жөнделеді. Республикалық деңгейдегі 18 мың шақырым жолдың сапасы тексерілген. Қорытындысы бойынша іс-шаралар кешені әзірленіп жатыр.