БҚО-да 7000-ға жуық тұрғын екпе салдырды

Батыс Қазақстан облысында 7 мыңдай тұрғын екпе салдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың басым бөлігі медицина саласының мамандары. Сонымен қатар педагог және полиция қызметкерлері де бірінші кезекте екпе алған болатын. Қазіргі таңда облысқа қажетті вакцина жеткілікті көлемде жеткізілген.

«Вакциналаудың екінші кезеңінде созылмалы ауруы бар науқастар мен диспансерлік есепте тұратын тұрғындар назарға алынады», -дейді сала мамандары. Облыста екпе салуға арналған 30 орын бар. Барлық аудандар екпені  сақтауға арналған арнайы орындармен жабдықталған.

Арман Қалибеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а.:

- Былтыр мен осы аурумен ауырып шықтым. 6 айдан кейін қазір вакцина алып жатырмын 1 компонент. 21 күннен кейін екінші компонент аламын. Сезімім жақсы, ешқандай жағымсыз әсері жоқ. Вакцинаның көмегі болады, індетті тоқтату үшін 50% БҚО тұрғындары вакцинаны міндетті түрде алу керек.

Сондай-ақ...