Шығыс Қазақстан мен Түркістан облысында үй мен аулаларды су басты

Шығыс Қазақстан облысының Орловка ауылында бір баспана мен 3 үйдің ауласы су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта еріген қар суы қауіп төндіріп тұр. Тасқынға қарсы жұмыстарды жүргізу үшін бірнеше техника жіберіліп, тұрғындарға эвакуация пункті ашылды. Алайда жұрт құтқару орындарының көмегіне әзірге жүгінбеген. Түркістан облысында да 2 үйдің ауласын су басты. Қазір аулаларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үйлерді су басу қаупі туындаған жоқ.

Айта кетейік, еліміз бойынша тасқынқа қарсы шараларға 1200 адам, 570 бірлік техника және 50 мотоқондырғы жұмылдырылды.