Оралдағы инфекциялық ауруханалар 90% науқастарға толған

Соңғы тәулікте 101 тұрғыннан коронавирус анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығында 8 мониторингтік топ жұмыс істейді. Жуырда мезгілсіз уақытта түнгі клуб жағалаған 65 тұрғынға хаттама толтырылды. Деркөл кентіндегі жеке үйде отбасылық шараға жиналған қонақтар да айыппұл төлейді. Сәуір айы басталғалы 20-дан аса карантин талабын бұзу дерегі тіркелген. Сала мамандары бұлай жалғаса берсе, былтырғы жағдай қайталана ма деп алаңдайды.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

– Үй жағдайында қарым-қатынаста болған адамдар арасында көп шығып жатыр. Сонымен қатар қоғамдық көлікте және той жасап, садақа беретін адамдар әлі де анықталып жатыр. ПТР тестін 62 мыңға жеткіздік. Егер ақпандағы жағдайға қарасақ, 10 мыңға артық бақылау жүргізілді.

Сондай-ақ...