Атырау облысында ұжымдық ауызашарға тыйым салынды

Атырау облысында Бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді. Рамазан айы кезінде бір отбасы мүшелерін қоспағанда ұжымдық ауызашарға тыйым салынып отыр.

Сондай-ақ бірқатар шектеу шаралары жеңілдетілді. Бұрын кешкі 8-ге дейін қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану орындары мен сауда үйлері, ойын-сауық орталықтары енді сағат кешкі 10-ға дейін жұмыс істей алады. Сенбі, жексенбі күні қызметіне тыйым салынған.

Айта кетейік, қазір мұнайлы өңір «қызыл аймақта» тұр. Соңғы тәулікте 102 адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Оның 75-і облыс орталығынан тіркелген.