Ақтауда 66 жастағы ер адам есірткімен ұсталды

Ақтауда 66 жастағы ер адам есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен Ақтау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шаралары және жасырын тергеу әрекеттері жүргізіліп, бақылау мақсатында С. есімді азаматтан салмағы 1,9 грамм героин есірткісін сатып алу операциясы жүргізілді.

Бұдан әрі 2021 жылы 2 сәуірде сағат 15:00 шамасында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде тұрғылықты жері бойынша пәтерден 66 жастағы азамат С. ұсталды. Тінту барысында пәтерден:

– салмағы 30 грамм болатын героин есірткі заты бар шыны банкі;

– салмағы екі грамм героин есірткі заты бар бір қағаз түйіншек;

– бір дана ПМ маркалы тапанша және екі дана тапаншаның оқ-дәрісі;

– бір дана «Стражник» маркалы тапанша, тоғыз дана оның оқ-дәрілері;

– үш дана қолдан жасалынған пышақтар;

сондай-ақ, пәтердің тоңазытқышынан салмағы бес келіні құрайтын бекіре тұқымдас балықтардың төрт данасы табылып, алынды.