Еңбекке қабілетті 3 млн адам әлеуметтік медициналық тұрғыдан сақтандырылмаған

Елімізде еңбекке қабілетті 3 млн адам әлеуметтік медициналық сақтандырылмаған. Олар өзін өзі жұмыспен қамтығандар немесе жұмыссыздар.

Салдарынан сақтандырылмаған жандар толыққанды медициналық көмек ала алмай отыр. Дерті дендеп кеткендері бар. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова осы мәселені көтеріп, Үкіметке сауал жолдады. Депутат қорға аударым жасауға қабілеті жоқ адамдардан 2020 жылға толық төлем талап етілмесе дейді. Сондай-ақ медициналық мекемелерді қаржыландыру көрсеткен қызметіне қарай жүргізілсе деген ұсыныс айтты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бекіткен айлық жоспарлы бюджет тұрғындардың емхана мен дәрігерді еркін таңдауына кедергі болып отыр.