429,67 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада су тасқынының алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр

  • 81
  • UPD: 17:13, 07.04.2021
Елордада су тасқынының алдын алу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр Елорда әкімдігі

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда аумағында су тасқыны қаупінің алдын алу және оған жол бермеу мақсатында жұмылдырылған қызметтермен және ұйымдармен бірлесіп су тасқынының өтуіне дайындық жүргізіп жатыр.

Бұл туралы онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Есен Байыров мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Оның айтуынша, 2021 жылғы су тасқыны кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 29 су тасқыны қаупі бар учаске анықталды (2019 және 2020 жылдары – 37), яғни 2019 және 2020 жылдармен салыстырғанда 8 учаскеге азайды.

«Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ға ден қою жағдайында қала әкімдігі жергілікті ауқымдағы ТЖ-ны жоюға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Азаматтық қорғау органдарының құрамында жеке құрамнан 700-ге жуық адам және 200-ге тарта техника тобы тұрақты дайындыққа келтірілді», – дейді Есен Байыров.

Департамент қызметкерлері тұрғындармен үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізуде, бүгінгі күні 16 рейдтік іс-шара өткізілді, жалпы 2000 адамды қамтумен 1500-ден астам үйді аралау жүзеге асырылды, 900-ден астам ұсынымдар берілді.

«Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен бірлесіп, қардың еруі және мұздың жарылуы кезеңінде жасөспірімдер мен балалар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында қаланың білім беру нысандарымен 1500-ден астам адамды қамтитын интерактивті сабақ өткізілді», – деді ведомство өкілі.

Хабар 24 телеарнасы