Қ.Тоқаев дәрігерлерге ризашылығын білдірді

«Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті».

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Твиттердегі» парақшасында жазды.

«Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру бір жарым есеге көбейді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін», - делінген хабарламада.