«Факт әлде фейк» бағдарламасының ұжымы эксперимент ұйымдастырды

Ұлттық бірыңғай тест тапсыру қазір бұрынғыдай емес.

Білім сынағын өткізуде жыл сайын түрлі жаңашылдықтар енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Face ID жүйесі соның бірі. Алдына келген адамды бет-әлпетінен танитын ақылды технология емтихан кезінде алаяқтықтың алдын алады. «Әрі Ұлттық бірыңғай тестіге құжат тапсыру да анағұрлым жеңілдеді», - дейді мамандар. Жаңа жүйе шынымен тиімді ме? Мұны анықтау үшін «Факт әлде фейк» бағдарламасының ұжымы арнайы эксперимент ұйымдастырды. Оның барысын бүгін сағат 18:50-де арнамыздан тамашалай аласыздар.