433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменге «қызыл аймақтан» барғандар қатаң бақылауда болады

  • 56
  • UPD: 19:37, 07.04.2021
Өскеменге «қызыл аймақтан» барғандар қатаң бақылауда болады

Өскеменде енді «қызыл аймақтан» келген жолаушыларды мониторингтік топ бақылауға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығыс Қазақстан облысының өңірлермен шектесетін тұсына санитарлық бекеттер қойылғаны белгілі. Қазір облыс орталығында 70 адамнан тұратын мониторингтік топ құрылды. Құрамында эпидемиологтар мен полиция қызметкерлері және дәрігерлер бар бұл топ әуежей мен теміржол вокзалдарында медициналық сақтықты қадағалайды. «Қызыл аймақтан» келгендердің дене қызуы өлшеніп, жалпы денсаулық жағдайы бақыланады. Мониторингтік топ мыңнан астам адамды қарап шықты. Жолаушылар арасынан дене қызуы көтеріліп, денсаулығы нашарлаған ешкім кездеспеген.

Лиана Испаева, учаскелік медбике:

- Біз күн сайын «қызыл аймақтан» келген жолаушыларды қарсы алып тұрамыз деуге болады.Пойызбен келсе де, ұшақпен келсе де, бірден дене қызуын өлшеп, денсаулығы жайлы мәлімет сұрастырамыз. Егер жолаушының ыстығы көтеріліп, тұмау, жөтел белгілері бар екенін байқасақ бірден оқшауландырамыз. Ары қарай алгоритм бойынша тиісті шаралар жасалады.

Гүлмира Сәйкенова, қала тұрғыны:

- Өте жақсы өте дұрыс істелген. Осының бәрін сақтап жүрсек, індет тезірек қайтатын шығар. Бәрі жақсы боп, тезірек өзіміздің бұрынғы қалпымызға келейік.

Хабар 24 телеарнасы