СҚО-ға жуырда 7000 доза вакцина жеткізіледі

Солтүстік Қазақстан облысына жақын күндері вакцина жеткізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

9 сәуірге дейін өңірге шамамен 7 мың дозасы әкелінеді. Ай соңына дейін препараттың 30 мыңы келеді деп жоспарланып отыр. Қазір жоспарлы вакциналауға медицина қызметкерлері, педагогтар және тәртіп сақшыларынан бөлек құтқарушылар да қосылды. Ерікті түрде екпе салдырып жатқан зейнеткерлер де көп.

Нұрлан Айманов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Әдетте біз 2200 дозаны 3-4 аптаның ішінде қоятынбыз. 2 сәуір Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін біз айналысы төрт күнде оны егіп тастадық. Бүгінде бізде екпе қою жұмыстары аяқталған жоқ. Қазір азаматтар оның екінші компонентін алып жатыр.