432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вакцина салдырған «Хабар 24» тілшісінің жағдайы қандай?

  • 154
  • UPD: 23:08, 07.04.2021

Вакциналау науқанынан біздің «Хабар 24» арнасының тілшілері де қалыс қалмады.

Жаңалықтар бөлімінің тілшісі Дастан Сейілханұлы екпе салдырып, бұл процесті тікелей эфирде көрсетті. Вакциналаудан кейін бірнеше сағат өтті.

Дастан Сейілханұлы, тілші:

- Қорыққаным жоқ. Қобалжыдым. Қалай болар екен деген уайым болды. Бірақ бел шешкен соң тартынуға болмайды.

Өзім тіркелген емханаға бардым. Ондағы дәрігер алдымен дене қызуымды өлшеді. Қан қысымын тексерді. Сосын қандай аурумен ауырғанымды сұрады.

Бұл дәрігер де вакцина салдырған. «Қауіпті болса, жоламас едім ғой» дейді. Біз білеміз, әу баста бұқара бұған қырын қараған. Сенбеді. Ал қазір екпе алуға келіп жатқандардың қатары көбейді.

Сандуғаш Зулпухарова, жалпы тәжірибелік дәрігер:

- Содан не керек, екпе салдырдым. Ауырған жоқ. Мен тілдескен басқа адамдар «денең тітіркенеді» деп еді. Оны да сезбедім. Енді күтіну керек. 21 күннен соң екінші дозасын алам.

Дастан Сейілханұлы, тілші:

- Дүние тарының қауызынан да кіші ине ұшына сыйып тұр. Танымал журналист Серік Әбікенұлы қазіргі жағдайды осылай суреттеп еді. Сол кісіден асырып айта алмасымызды білеміз. Анығы, адамзат осы күнге дейін талай тажалға тап болған. Соның бәрінде осы вакцина құтқарды.

Авторлары: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы