Бірнеше өңір тұрғындары таңғажайып көріністің куәсі болды

Еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындары таңғажайып көріністің куәсі болды, , деп хабарлайды «Хабар 24».

Аспанда үлкен сәуле жарқ етіп пайда болып, бірнеше секундта қайта жоғалып кеткен.

Тұрғындар түсіріп үлгеріпті. Сәуле жұрттың көзіне кеше түнгі сағат 23:00 мен 00:00 арасында көрінген. Жұрт метеорит құлады деп қорықса, кейбірі құлаған ұшақ деп жүр. Ұлттық ғарыштық зерттеу орталығының мамандары көпті даурықпауға шақырды. «Бұл бірнеше күн бұрын ғарышқа ұшырылған ракетаның бөліктері болуы мүмкін», - дейді олар. Мұндай құбылыс Қырғызстан мен Өзбекстанда да байқалған көрінеді.

Шерхан Дәкен, қала тұрғыны:

- Келіншегіміз екеуміз түнде дүкенге қарай шығып келе жатқанбыз. Аспан кенеттен жарқ ете қалды. Екеуміз бір-бірімізге қараймыз, қорқып кеттік. Бірінші ұшақ па деп ойладым. Жарқырап бара жатқан. Өртеніп бара жатыр ма дедік. Сан түрлі ойлар келді. Арты жақсы болса екен. Мамандар анық-қанығына жетеді деген нақты ақпар шығады деген ойдамыз.

Сондай-ақ...