433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Экология министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді

  • 47
  • UPD: 09:54, 08.04.2021
Экология министрлігі «Теңізшевройл» ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді Inbusiness.kz

2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған.

Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Теңізшевройл» ЖШС-мен автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Атырау облысы бойынша экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты «Теңізшевройл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады.

Хабар 24 телеарнасы