433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

  • 50
  • UPD: 10:44, 08.04.2021
Ақмола облысының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қосшы кентінің дүкендерінде лицензиясыз және ҚР ойын бизнесі туралы заңнамасының талаптарын бұзып, «Lotomatic» ЖШС бүркемеленген ойын терминалдары жұмыс істейтінін анықтады.

Заңсыз ойын қызметін облыс тұрғыны ұйымдастырған. Тексеру барысында 4 ойын терминалы анықталып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.

Егер қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарға тап болсаңыз немесе осындай фактілер белгілі болса, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің 8 (7172) 70-84-78, Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің 8 (7162) 25-62-84 сенім телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМА баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы