Саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы құпия архив қорлары кезең-кезеңімен ашылады

Ол үшін арнайы кіші комиссия құрылмақ.

Бүгін еліміздің мемлекеттік хатшысының төрағалығымен өткен кездесуде осындай шешім қабылданды. Қырымбек Көшербаев ведомстволық және мемлекеттік архивтердің қызметін жетілдіруге, ғалымдар мен зерттеушілердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар тапсырма берді. Мемлекеттік хатшы өңірлік комиссиялардың қызметін жандандырып, оларды қаржыландыру қажеттілігін айтты. Сондай-ақ бақосуда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия қызметінің ақпараттық стратегиясын қалыптастыру жайы да сөз болды.

Қырымбек Көшербаев, ҚР мемлекеттік хатшысы:

– Бүгінгі таңда мемлекеттік комиссияға кіретін ғалымдар зерттеулерін бастап кетті. Жұмыс топтарының әдіснамасы мен тақырыптары бекітілді. Мемлекеттік комиссияның қызметін үйлестіру үшін арнайы Жобалық офис құрылған, оның құрамына ғалымдар, зерттеушілер және мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Сондай-ақ...