Елордада мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдануда

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары. Ал арнайы жұмыс орындарын құру кезінде жабдықты сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды өтеу мақсатында жұмыс берушілерге мемлекеттік бюджет қаражатынан субсидиялар беріледі.

Өтінімді Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайы («Өркен» БО) бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына ұсыну қажет.