Қызылорда облысында 9 мыңнан астам тұрғын вакцина салдырған

«Сары аймаққа» кірген Қызылорда облысында кеше 22 тұрғыннан коронавирус анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 9-ы облыс орталығында, қалғандары Арал, Қазалы, Сырдария және Жаңақорған аудандарында тіркелді. Қазіргі таңда облыстық инфекциялық аурухананың реанимация бөлімінде 11, ал жалпы стационарда 164 науқас ем қабылдап жатыр.

Пандемия басталғалы 4 мыңнан астам қызылордалық COVID-19 жұқтырып, 92%-і індеттен айығып шықты. Аймақ эпидемиологтары әзірге жаңа шектеу шараларын енгізген жоқ. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, өңірдің 9 мыңнан астам тұрғыны вакцина салдырды.