«Теңізшевройл» ЖШС жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Нормативтен тыс шығарындылар фактілері расталған жағдайда, «Теңізшевройл» ЖШС жауапкершілікке тартылады.

Бұл туралы Экология министрлігінен мәлім етті.

7 сәуірде сағат Атырау уақыты бойынша 15:20-да «Теңізшевройл» ЖШС кәсіпорнында түтін мұржасы арқылы автоматты бұғаттау жабдығының істен шығуы себепті, қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылу фактісі бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасовтың айтуынша, аталған факті бойынша материалдар құқық бұзушылық құрамын анықтау