БҚО-да Ресеймен шекаралас өзендер бақылауға алынды

Батыс Қазақстанда мамандар Ресеймен шекаралас аумақтардағы трансшекаралық өзендердің деңгейін бақылап отыр.

Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіп туғызбайды. Дегенмен, аймақтағы 14 су қоймасы мен 1 тоғанның жағдайы талапқа сай келмейді. Мамандар жол бойындағы су өткізгіштердің барлығы тазартылғанын айтады. Бүгінге дейін елді мекендерден 984 мың текше метр қар шығарылып, 90 мың текше метрдей су сорылған.

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД басшысы:

- Тасқын су қаупі бар Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінде мұзды бітелуін болдырмау үшін ТЖД уәкілдері 91 мың шаршы метрден астам мұз кесіліп, 5 мыңнан астам тесік бұрғыланды. Облыс бойынша резервте 1,5 миллиард теңгеміз бар. Ол жанар-жағармай, пакеттер және инертті материалдар қорларын дайындап отырмыз. Жарылғыш заттарда 6 миллион 820 мың теңгеміз бар. Елді мекендерді аэровизуалды зерттеулер жүргізу үшін 16 миллион қаржы резервте тұр.