Алматы облысындағы колонияда сотталушы көз жұмды

Алматы облысындағы колонияда сотталғандар арасында жанжал туып, бірі көз жұмды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Tengrinews.kz.

9 сәуірде Алматы облысындағы орташа қауіпсіздік мекемесінің тәртіптік изоляторында сотталғандар арасында жанжал шығып, олардың бірі екіншісіне дене жарақатын салған. Салдарынан сотталушы қаза тапты.

«Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Оқиға болған жерге келген жедел жәрдем бригадасы сотталушының қаза болғанын анықтады. Мән-жайды анықтау мақсатында оқиға орнына жедел-тергеу тобы, прокуратура өкілдері және ҚАЖД басшылығы келді», - делінген ведомство хабарламасында.

Жазасын өтеп жатқан екі адам да бұрын сотталған. ҚР ҚК-ның 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» және 192-бабының 2-бөлігі «Қарақшылық» бойынша.