Қапшағайда вакциналау қарқынды жүріп жатыр

Алматы облысының Қапшағай өңірінде вакциналау қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, қарттар жағы белсенді. Наурыз айынан бері қалада 1100 доза ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынды. Қалада 9 пункт ашылған. Сондай-ақ Қапшағайға қарасты Шеңгелді, Арна мен Заречный елді мекендерінде екпе салдырту пунктері ашылған. Қазіргі уақытта қаланың провизорлық орталығында коронавирус жұқтырған 147 адам емделіп жатыр. Ертең қалаға қосымша бір мың дана вакцина жеткізілмек.

Жанар Жақсылық,  қала тұрғыны:

- Бірінші вакцинацияда менде кішкене әлсіздік болды. Басқа ешқандай шағым болған жоқ. Екінші вакцинацияны бүгін алдым. Мен бұл вакцинаны өзім үшін және өзімнің жақындарым үшін алдым.