433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде зарарсыздандыру шаралары қайта күшейтілді

  • 100
  • UPD: 13:45, 09.04.2021
Өскеменде зарарсыздандыру шаралары қайта күшейтілді

Бұл – қалада коронавирус инфекциясын өршітпеудің басты амалы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ірі сауда орындары мен дүкендердегі және қоғамдық орындарындағы дезинфекциялау осыған деййін де тоқтаған жоқ еді. Дегенмен, қазір күн райы жылынып, көшеде кісі көбейді. «Сондықтан санитарлық тазалау жұмыстарын барынша көбейткен жөн», - дейді эпидемиологтар. Сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістері мен баспалдақтарын зарарсыздандыруға ерекше мән беріліп жатыр. Бұл үшін пәтер иелері коооперативіне 30 мың хлорлы дәрі таратылды. Қаладағы аялдамалар мен қоғамдық көліктерге де дезинфекция жасалып жатыр.

Әлібек Тұрсымбетов, қала әкімінің кеңесшісі:

- Біз «жасыл» аймақтамыз, бірақ та «қызыл» аймаққа кірмеу үшін, індеттің ары қарай таралмауы үшін Өскемен қаласында, халық арасында, бұл жұмысты міндетті түрде жүргізу керекпіз.Сол себепті осы жұмыстарға үлкен мән мен назар аударып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы