Елордада отбасылық құндылықтарды нығайту жөнінде іс-шаралар кешені жүзеге асырылады

Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы 2020-2022 жылдарға арналған «Отбасы – бақыт мекені» үш жылдық жобасы шеңберінде кешенді іс-шаралар, оқыту семинарлары, тренингтер және т.б. өткізу арқылы отбасылық құндылықтарды түсіндіру жолымен неке және отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырады.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.⠀

Жоба барысында мынадай іс-шаралар ұйымдастырылады:

  • Жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды түсіндіру бойынша семинарлар, онлайн-тренингтер;
    • Ата-ана болуды жоспарлап отырған жас отбасыларға арналған онлайн-тренингтер;
    • «Үздік жас отбасы» байқауы;
    • Отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған «Отбасым – мақтанышым» бейнероликтер байқауы;
    • ЖОО және колледж студенттеріне арналған факультативтік сабақтар;
    • Жас отбасылар арасында әлеуметтік желілерде «Отбасылық демалыс» тақырыбында байқау;
    • Отбасылық спорттық марафон.