Маңғыстау облысындағы Ақтау – Жаңаөзен тас жолына әскери ұшақ қонды

Куәгерлер түсірген видео әлеуметтік желіге тарап үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазір полиция тас жолды жауып тастады», - дейді оқиғаның куәгерлері. Сол себепті көліктер айналма жол арқылы өтуге мәжбүр болды. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл «Алтын жебе» арнайы операциясы кезіндегі кешенді тексеру болған екен.

Асылбек Жұмабаев, Әскери көлік авиациясының кеме командирі:

- Әскери көлік авиациясының тарихында алғашқы рет автокөлік тас жолы учаскесіне қонуды орындадық. Орындау барасында қойылған тапсырмаларды СИ-295 экипажы ойдағыдай орындап шықты.