БҚО-да эпидемиологиялық жағдай аса күрделі

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай аса күрделі, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қызыл» аймаққа енген облыста тек соңғы тәулікте тағы 110 адамнан коронавирус анықталған. Қатерлі індетке шалдыққандардың дені жұмыс істейтін және егде жастағы тұрғындар. Өңірде 9 сәуірде қабылданған қаулы әлі күшінде. Өкінішке қарай, тұрғындар арасында той-томалақ жасау, көпшілік іс шаралар өткізу тыйылар емес. Мониторингтік топтарымен 217 рейд жүргізіліп, 1443 нысанның қызметі тексерілген. 11 нысанда бұзушылықтар анықталып, оларға қатысты 16 хаттама толтырылды. Салынған айыппұл көлемі 700 080 теңге.

Мұхамғали Арыспаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:

- Діни этномәдени бірлестіктер басшыларынан барлық азаматтардан Ораза кезінде түсіністікпен қарап, карантиндік режимді қатаң сақтауды сұраймын. Халық арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың таралуына жол бермеу және ауруға бейім топтар үшін қауіпті төмендету мақсатында барлық қажетсіз байланыстарды болдырмау қажет. Адамдар көп жиналатын немесе ұжымдық ауызашар ұйымдастырмауды сұраймын.

Арман Қалибеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а.:

- Осы уақытқа дейін облысымызға 20300 вакцина дозасы келді. Бүгінгі таңда бірінші компоненттің жалпы 10150 дозасын 99,4% егілді. Бүгінгі таңда 14 мың көлемінде жаңа партия келіп түсті.