433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында коронавирус дерті дендеп барады

  • 108
  • UPD: 15:34, 09.04.2021
Ақмола облысында коронавирус дерті дендеп барады

Ақмола облысында шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, аймақта коронавирус дерті дендеп барады. Өткен тәулікте 100 адам осы індетке шалдыққан. Мұны мамандар қауіпті вирустың елордада өршіп тұруымен байланыстырады. Себебі, ауру анықталған аудандардың көбі астананың айналасында орналасқан. Сонымен, 11 сәуірден бастап өңірде барлық мәдениет нысандары мен кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ жүйелі емес туристік бағыттағы автобус қатынастары да доғарылады. Ал, азық-түліктік емес жабық сауда орындары сенбі және жексенбі күндері жабылады. Дәл осындай шектеу сауда ойын-сауық орталықтарына да қатысты. Демалыс күндері тек азық-түлік сататын орындар ғана жұмыс істей алады. Ал, мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер өз жұмысшыларының кемінде 80%-ін қашықтан еңбек етуге жіберуі тиіс. Айта кету керек, Ақмола облысы 5 сәуірден бастап «қызыл» аймақта.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

- Демалыс күндері сондай-ақ фитнес және жаттығу залдары, спорттық сауықтыру кешендері, хауыздар мен бассейндердің жұмысы тоқтатылады. Ал, халыққа қызмет көрсету орталықтары енді бұрынғыдай сенбі күні жұмыс істемейді. Қалған жұмыс күндері таңертеңгі 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін ашық болады. Бірақ келушілер алдын ала жазылуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы