Елімізде «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеру аяқталды

Қазақстанның батыс өңірінде «Алтын жебе» арнайы операциялар күштерінің компоненттерін кешенді тексеруі аяқталды. 

Бұл тексеруге Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің және Әскери-теңіз күштерінің бөлімшелері қатысты, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Тексерудің аяқтау кезеңінде Қарулы Күштердің тарихында алғаш рет С-295 әскери-транспорттық және Су-27 жойғыш ұшақтары Маңғыстау облысында орналасқан автокөлік жолдарының аэродром учаскесіне қондырылды.

Аталған шара құрлық және әскери-теңіз топтары әскерлерінің қызметін қамтамасыз ететін Әскери-әуе күштері бөлімшелерінің ұтқырлығын арттыру аясында жүзеге асырылды.