Елорда мен Алматыда екпе егу орындары көбейеді

Осы айдың 13-нен бастап шалғайдағы елді мекендерге жылжымалы пунктер жіберіледі.

Көліктер саны 180-нен асады. Ал жыл аяғына дейін вакцинаның 300 мың данасы жеткізіледі. Бас қалаға келсек, мұнда вакциналау орындары 100-ге жетті. Қызметі түнгі 12-ге дейін жалғасады. Дәрігерлердің айтуынша, екпе алғандардың иммунитеті тек екінші компоненттен кейін қалыптасады. «Спутник V» вакцинасының ағзаны қорғау мерзімі 2 жылға жуықтайды.