429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау өңірі «сары аймаққа» кірді

  • 244
  • UPD: 18:14, 09.04.2021
Маңғыстау өңірі «сары аймаққа» кірді

Маңғыстау өңірі де «сары аймаққа» кірді.

Карантиндік шектеулерге қарамастан вирус жұқтырған адамдар көбейіп барады. Бір тәулікте өңірде 43 коронавирус дерегі тіркелген. «Жағдайдың ушығуына халықтың қоғамдық орындарда бетперде тақпауы, отбасы отырыстарына топталып баруы себеп болды», - дейді эпидемиологтар.

Аурудың таралуын тежеу үшін жаппай егу шаралары жүріп жатыр. Сәуірдің соңына дейін Қарағандыда өндірілген «Спутник V» препаратының 40 мың данасы жеткізіледі. Алдағы уақытта тағы 70 мың доза келуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы