СҚО-да қар суы жолдарды басты

Солтүстік Қазақстан облысында қар суы Айыртау ауданына қарасты Имантау ауылындағы кәсіпкердің жылыжайын басып қалған.

Тұрғындардың айтуы бойынша ауыл шетінде орналасқан жолдағы құбыр уақытылы тазаланбағандықтан, су баспаналарға қарай аққан. Десек те өңірде еріген қар суы бүгінгі күні екі автомобиль жолын басып қалды. Қазір бул учаскелерде көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Арнайы белгілер орнатылып, мамандар кезекшілікке көшті.

Мұрат Қанғожинов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Қазір Горное елді мекенінің маңындағы жолдың үстімен су ағып жатыр. Оның ұзындығы – 20 метр. Ал тереңдігі 3 сантиметрге жетті. Бұдан бөлек, Шал ақын ауданында республикалық маңызға ие трассаны да су басты. Дегенмен байланыс үзілген жоқ. Мамандар жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.