Ақтөбе облысында вирус жұқтырғандар азаймай тұр

Ақтөбе облысында індет күш алып тұр.

Тек өткен тәуліктің өзінде 116 адам дерт жұқтырды. Дәрігерлер соңғы кезде науқастардың ішінде ауыр халде түсіп жатқандарының да барын айтады. Қазір «қызыл аймақтағы» өңірдің инфекциялық орталықтарында 560-тан астам адам ем қабылдап жатыр. Оның бірнешеуі өкпені жасанды желдеткіш аппаратына қосылған. Қауіпті дерттің кеңінен таралмауы үшін мамандар шектеу шараларына мейлінше көңіл бөлуді ескертеді. Әсіресе, сауда-саттық орындары мен өзге де кәсіпкерлік нысандарына сақтықты күшейту қажет. Тіпті, қасиетті Рамазан айында да ауыз бекіткен жандардың көпшілік жерге бармағаны жөн дейді олар.      

Нұрсұлу Беркімбаева, облыстық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

– Рамазан айында топталып, ауызашарға баруға немесе үйге сырттан адам шақыруға болмайтынын ескертеміз. Әркім өз шаңырағында отбасы мүшелерімен бірге ауыз ашқанын дұрыс деп есептейміз. Сондай-ақ індетке байланысты биыл мешіттерде де тарауиз намазы оқылмайды.