А.Мамин Байқоңырға жұмыс сапарымен барды         

Премьер-министр Асқар Мамин Байқоңырға жұмыс сапарымен барды.

Үкімет басшысы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Атап айтқанда, газдандыру және сумен қамту жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көрді. Сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы бірлескен жобаларымен танысты. Бұдан бөлек, жұмыс сапары барысында Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесті. Жиын барысында тараптар «Союз МС-18» ғарыш кемесінің ұшырылуын және оның Халықаралық ғарыш станциясымен түйісуін бақылады. Бұдан соң ғарыш саласындағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.